Білім сапасын арттыру жолында

Выпуск - №16(613)   :   25.04.2024
536

image

Қостанай ауданындағы Мичурин ЖББ мектебінде жаратылыстану-математика ғылымдарының әдістемелік апталығы аясында физика-математика пәндерінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.

«Физика-математика сабақтарында көп деңгейлі оқытуды жүзеге асырудың шарты ретінде заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбындағы семинардың негізгі мақсаты – тақырыбының өзі де айтып тұрғандай – физика-математика сабақтарында көп деңгейлі оқытуды жүзеге асырудың шарты ретінде заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, білім алушылардың қызығушылықтары мен білім сапасын арттыру.
Семинар аясында Мичурин ЖББ мектебінің физика-математика пәнінің мұғалімдері Ж.Мусина мен А.Ейкель заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, жоғары деңгейде сабақтар көрсетті. Бүгінде еңбек өтілі отыз жылдан асып бара жатқан ұлағатты ұстаз З.Алмагамбетова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралдары» атты шебер-сабағымен бөліссе, физика-математика пәнінің мұғалімдері Н.Танатканова мен К.Туякбаева «Физика-математика сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыру құралы ретінде жаңа білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында үздік технологиялармен бөлісе білді.
Ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген ұстаздарға арнайы өткізілген сабақтардан пайдалы ақпараттармен таныса отырып, алатын тәлімі мол болды. Семинар соңындағы рефлексия сәтінде қатысқан қонақтар мен ұстаздар әсерімен бөлісіп, жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.

Назгуль ТАНАТКАНОВА,
Мичурин ЖББМ
физика-математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.