Табиғаттың ғажайып әлемі

Выпуск - №16(613)   :   25.04.2024
367

image

Қостанай қаласындағы №8 бөбекжайдың «Балапан» ересек тобында «Табиғатым тамаша» ҰІӘ болды. Балалар өлі және тірі табиғатпен танысып, қонаққа ренжулі глобус келіп өзінің жағдайын баяндап берді.

Глобус балаларға карта беріп, сол арқылы тапсырмаларды орындау керек екенін айтты. Балалар картамен бірге жолға шығып, кездескен кедергілерден өтіп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. «Дұрыс-қате» тапсырмасында балаларға арнайы кітапша ұсынылып, балалар оны дұрыс немесе қате белгілерімен қою арқылы орындап шықты. Осы кітапша арқылы балалар табиғатта ненің пайдалы, ал ненің пайдасыз екенін айта отырып, қорытындылады. Басқа да тапсырмаларды орындай отырып, қоқыстардың арнайы жәшіктері болатындығын, оларды қайта өңдеуге тапсырып, қолдануға болатындығы жайлы мағлұмат алдық.
Ең қызықты тапсырмамыз – «Қоқыстарға екінші өмір сыйлайық». Балалар қоқысқа лақтыратын бір реттік қолдануға жарамды стакандарды ала отырып, одан өз қолымызбен өрмекші жасадық. Стакандарды қара түске бояп, қайшымен жұмыс істемес бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, тапсырманы орындадық. Сөйтіп, балалармен бірге қоқыстарға «екінші өмір» сыйладық. Табиғаттың тіршілік көзі – су екендігінде естен шығармадық. Балаларға судың табиғатқа, адам өміріне, тіршілік иелеріне қалай керек екенін еске түсіріп, сумен тәжірибе өткіздік. Тәжірибе аясында балалармен судың дәмін, түсін өзгерте алатындығымызға көзіміз жетті. Тапсырмамыздың соңғы бөлігінде сандарды рет-ретімен қою арқылы күлімдеген глобустың суретін құрастырып шықтық.
Берілген тапсырмалардың барлығын дұрыс орындай келе, глобусымызды тазартып, оған әсем күлкі сыйладық. Глобус бізге қоршаған орта туралы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерімізді, математикалық біліміміз бен сөйлеуімізді дамытуға көмегін берді. Қонаққа келген глобус өз алғысын айта отырып, бізге тәтті сыйлықтарын беріп, қош айтысты. Адамға жаман сөз айтсаң – ренжитіні сияқты, табиғатқа қиянат жасасаң – ол да сұлулығын жоғалтатыны айтылды. ҰІӘ қорытындылай келе балалар табиғаттың – бізге берілген үлкен сый екенін және бізге берер үлкен сыйы бар екендігін түсінді. Табиғатты қорлау да, оны көркейту де – біздің қолымызда. Сондықтан, оған сүйіспеншілігіміз бен махаббатымызды сыйлауымыз қажет.

Әсемгүл СӘБИТБЕК,
№8 бөбекжай тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.